Үкімет Астанаға газ тартатын қаржы таппай отыр
Шенеуніктер Елордаға көгілдір отын жеткізу үшін жан-жақтан ақша іздеуде. Ал бүгінге дейін көмірмен күнелтіп келген тұрғындар газды асыға күтіп жүр.
Автор: Жәудір Оразхан
28.09.2017
Өтеген Төлебаев, Астана қаласының тұрғыны:
-Газ келсе жақсы болар еді, көмір тасып шаршадық. Жылдан жылға қымбаттай береді. Уақытылы жеткізбейді. Қазір жоқ еш жерде. Газ болғанда жақсы болар еді, экологияға да жақсы ғой.
Энергетика министрілгінің есебінше, Астанаға газ тарту үшін 200 миллиард теңге керек. Бұл тек құбырға жұмсалатын ақша. Ал Астана мен қала маңындағы елді-мекен, аудандарға толық көгілдір отын кіргізу үшін тағы қыруар қаржы қажет. Әзірге шенеуніктер Бейнеу-Бозой-Шымкент газқұбыры арқылы Қызылорда облысынан бас шаһарға газ жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаны «Мемлекеттік сараптама» да мақұлдапты. Енді Үкімет шешім қабылдауы тиіс. Ал өзге аймақтарда газ болғанымен, тариф әртүрлі. Кейбір өңірде тұрғындар арзан, енді бір жерлерде қымбат төлейді. Энергетика министрлігінің баға саясатына қатысты өз айтары бар.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:
-Газдың 60 пайызын шетел валютасымен сатып аламыз. Сондықтан газ бағасы құбылмалы. Оның үстіне «ҚазТрансГаз Аймақ» тұрғындарға жұмсаған шығынын өтей алмай отыр. Тариф газдың көтерме бағасына да байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!