{metadescription}
Үлкен даудан кейін Үкімет отандық әуекомпанияларды  авиакеросинсіз қалдырмайтын болды
Үлкен даудан кейін Үкімет отандық әуекомпанияларды  авиакеросинсіз қалдырмайтын болды

Үлкен даудан кейін Үкімет отандық әуекомпанияларды авиакеросинсіз қалдырмайтын болды

Энергетика министрлігі Ресейден дереу қосымша 8 мың тонна отын алдырғалы жатыр.

Қазір қорда 23 мың тонна жанармай бар екен. Бұл ұшақтардың үздіксіз 15  күн жолаушы тасымалдауына ғана жетеді. Сондықтан «рейстер тоқтап қалады» деп алдын ала дүрлігудің қажеті жоқ дейді шенеуніктер. Жалпы, қыркүйекте бізге Ресейден 18 мың тонна авиакеросин импортталған. Көршілеріміз тағы 8 мың тонна отынды вагон-цистерналарға тиеп, елімізге жіберуге дайын отыр екен. Оның үстіне Үкімет Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына айына 110 мың тонна қара алтын өңдеуді міндеттепті. Айта кетсек, бұған дейін «Эйр Астана» мен «Қазақ Эйр» авиакеросиннен тапшылық көріп отырғандарын айтып, Үкіметтен көмек сұраған еді.

Қуаныш Құдайбергенов, ҚР ЭМ Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры:

-Авиакеросинге қатысты Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына айына 10-12 мың тонна отын шығару міндеттелді. Және Энергетика минситрлігі импортқа  қатысты Ресеймен күнде келіссөз жүргізіп жатыр. С ондықтан алаңдауға негіз жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.