Ұлттық компаниялар кірістерінің азайғанын айтты
Елімізде ірі бизнес өкілдерінің табысы азаюда. Әсіресе, ұлттық компаниялардың кірісі төмендеп қалған. Биылғы бірінші жартыжылдықтың көрсеткіштерін шығарған статистика комитетінің деректері осындай.
28.09.2017
Айталық, Қазақстанның ірі және орта деңгейлі кәсіпорындарының сәуір-маусым айлары аралығындағы табысы 1,7 триллион теңгені құраған. Ол бірінші тоқсанмен салыстырғанда 18,2% пайызға кем. Тіпті өткен жылдың төртінші тоқсанындағы табыс көрсеткішінен де аз. Себебі, кәсіпорындар шығынды үнемдеймін деп жүріп, табыстың қысқаратынын болжай алмай қалған деген пікір бар. Екінші тоқсандағы жағдайдың мәз еместігі соңғы үш жылдық деректерден де көрінеді. Сәуір-маусым аралығында әсіресе, ұлттық компаниялардың табысы азайған. Олар өз жобаларын жүзеге асыру жөнінен алдыңғы көрсеткіштерін айтарлықтай азайтып алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!