{metadescription}
Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте тәртіп сақшысының қызды ұрғанын көрсететін видеосы әлеуметтік желіні шулатқан соң, ішкі істер органдары мәселенің қалай болғанын айтып, өз қызметкерлерін ақтап әуреге түсіп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тәулік бойы жұмыс істейтін дәмханадан шыққан жігіт пен бірнеше қыз өзара төбелесіп, оларды ажыратуға келген тәртіп сақшыларына бойжеткеннің өзі қолын ала жүгіріпті. 

Қызылордадан қонаққа келген 26 жастағы жігіт пен онымен бірге жүрген бойжеткен тіпті былапыт сөздер айтып, тәртіп сақшыларының погондарын жұлып жатқаны да видеоға түсіп қалған. Осыған шыдай алмаған полицейдің бірі қызды ішінен түйіп жібереді. Алайда видеоға түссе де полиция басшылары ұрды деуге әлі ерте деп отыр. Тіпті, жұдырық ала жүгірген тәртіп сақшысы мен соққы жеген қызға сараптама тағайындапты. Әзірше бойжеткенге қол көтерген полицейдің әрекеті тексеріліп жатыр. Ал соққы алған қыз бен оның жігітіне қатысты «бұзақылық» және «билік өкіліне күш көрсету» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де уақытша қамау абақтысында жатыр.

Арман Бейсенбаев, Шымкент қалалық ІІБ бастығы:

-Полиция қызметкерлері  күш қолданған кезде бұл жерде іштен ұру мәселе емес.  Қарсылық білдірген жағдайда полиция қызметкерлері күш қолдануға құқылы. Ал бұл жерде енді іштен ұрған жайлы сіздерге түсіндіріп айтып жатырмын ғой, бұл жерде қызметтік тексеріс жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде