{metadescription}
Рохинжа халқын қынадай қырып, күш қолданған Мьянма әскерилерін АҚШ енді айыптай бастады
Рохинжа халқын қынадай қырып, күш қолданған Мьянма әскерилерін АҚШ енді айыптай бастады

Рохинжа халқын қынадай қырып, күш қолданған Мьянма әскерилерін АҚШ енді айыптай бастады

Ақ үйдің БҰҰ-дағы өкілі Ники Хейли сарбаздар адам құқығын аяқасты қылмауы тиіс, ал қызметін асыра пайдаланғандарды жауапқа тарту керек деді. Хейлидің сөзін БҰҰ-ның бас хатшысы да қолдап отыр.

Антониу Гуттереш,  БҰҰ бас хатшысы:

-Зорлық-зомбылықтың салдарынан көптеген этникалық тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр. БҰҰ және үкіметтік емес ұйымдар бұған жедел түрде араласу керек. Жағдай бақылаудан шығып кетті және бұл жаңа замандағы ең бір әлеуметтік қиын құбылыс болып тұр.

Бангладеш полициясы рохинжа халқының 14 өкілі отырған кеме аударылып, адамдардың бәрі теңізге батып кеткенін айтты. Қайтыс болғандардың жартысы балалар. Айта кетсек, Мьянма билігі рохинжаларды жергілікті этникалық топ ретінде мойындамайды. Олар мұсылман халқын Бангладештен қоныс аударған эмигранттар деп санайды. Жалпы қақтығыс ушыққан соңғы бір айдың өзінде жүз мыңдаған рохинжа үйлерін тастап безіп кеткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде