{metadescription}
Өлген басшының хаты
Өлген басшының хаты

Өлген басшының хаты

Пәкістанның ақпараттық порталы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің жаңа аудиоүндеуін жариялады. 

Сириядағы жиһадшыларға қарсы операция кезінде көзі жойылды деген адамның бұл мәлімдемесі көпшіліктің күдігін туғызып отыр. Өйткені, Ресей әскерилері ИГИЛ басшысы Ракка маңына әуеден соққы жасалғанда өлді десе, АҚШ-тың Сирия мен Ирактағы әскерінің бас қолбасшысы Стивен Таусенд әл-Бағдади әлі тірі дейді. Аудиожазбаның шын-өтірігі енді арнайы сараптамадан кейін белгілі болмақ. Ал Пәкістанда тараған таспада өзін әл-Бағдади деп таныстырған ер адамның дауысы Солтүстік Корея көсеміне АҚШ пен Жапония тарапынан қауіп төніп тұрғанын, тіпті апта басындағы күрдтердің рефенрендумына дейін айтқан. Және де өзінің баскесерлерін Таяу Шығыс пен Африкадағы қанды қырғынды тоқтатпауға шақырыпты. АҚШ билігі әл-Бағдадидің басына 25 миллион доллар тіккенін де айта кетейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде