{metadescription}
Бас санитар дәрігер тұмаудан сақтанудың жолын айтты
Бас санитар дәрігер тұмаудан сақтанудың жолын айтты

Бас санитар дәрігер тұмаудан сақтанудың жолын айтты

Тұмау жұқтырмау үшін түнде сарымсақ пен жуа жеңіз! Еліміздің Бас санитар дәрігері тұрғындарға қыспен қатар келетін жұқпалы вирустан  дәл осылай  қорғануға   кеңес берді.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Бірінші кезекте дәріханаларда сатылатын дәрумендер мен  лимон, анар, киви сынды көкөністі жиі тұтынған жөн. Итмұрын, қарақатты қайнатып ішіңіздер. Және түнде сарымсақ пен жуа жеген дұрыс.

Биыл «мичиган», «гонконг», «брисбен» сынды тұмаудың үш штампы өрши түседі екен. Сондықтан, Астанада шенеуніктер елден бұрын екпе алуға келді. Ақ халаттылар Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мен еліміздің Бас санитар дәрігеріне тегін вакцина салып берді. Жандарбек Бекшин «вакцина балаларға қауіпті» деген үрейді сейілту үшін жұрт көзінше өз немересіне екпе салдырды. Жалпы, Үкімет биыл 1 миллиард 200 миллион теңгеге Ресейде өндірілген вакцина сатып алыпты. Ол 1 жарым миллион адамға жетеді. Тұмауға қарсы препарат созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры  ауруына шалдыққандар, әлсіз балалар мен жүкті келіншектер және медициналық қызметкерлерге тегін салынады. Қалған тұрғындар екпені 3 мың теңгеден ақылы алады. Елімізде жаппйа вакцина салу науқаны 2-қазанда басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде