{metadescription}
Ақтөбеде қарбыз сатып тұрған жерінен жоғалып кеткен кәсіпкердің мәйіті табылды
Ақтөбеде қарбыз сатып тұрған жерінен жоғалып кеткен кәсіпкердің мәйіті табылды

Ақтөбеде қарбыз сатып тұрған жерінен жоғалып кеткен кәсіпкердің мәйіті табылды

32 жастағы Ерхан Тілеуімбетовті біреулер өлтіріп, қала шетіне тастап кеткен.

Осыдан бір жарым ай бұрын марқұмды әріптестері соңғы рет базардан көріпті. Сол күні тал түсте оған джип көлігімен біреу келіп, алып кетеді. Содан кейін ұшты-күйлі жоғалған. Қара жамылған отбасы іздеу шараларының жөнді жүргізілмегеніне қапалы. Бақылау камерасына түскен көлікті де таппады деп отыр. Ал Ерханның мәйітін ағаш арасынан малшы көрген. Денесінің жоғарғы бөлігі ит-құсқа жем болыпты. Туыстары оны тек киімінен таныған. Сүйек табылған күні де полицейлер марқұмның жақындарына хабар бермепті. Осы жағдайдың бәрі Ерханның туыстарының күдігін күн өткен сайын көбейтіп жатыр.

Сарыалтын Исаева, марқұмның нағашы әпкесі:

-Полицияның қатысы бар ма деп ойлаймын. Неге олар жасырады? Неге олар қылмысты таппайды? Өздерінің қатысы болмаса неге олар ашпайды? Түн ішінде біреуді біреу қағып кетсе оны тауып алады ғой олар деген. Машина көрініп тұр. Нөмірі көрініп тұр. Адам түсіп тұр. Неге соны таппасқа екі айдан бері?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде