Елімізде бензин тапшылығы қайта сезіле басталды
Әсіресе, жүргізушілер АИ-92 маркалы жанармайды таппай сенделіп жүр. Мысалы, қазір Атырау мен Петропавл, Семей қалаларындағы кей бекеттерде ол тек талонмен беріліп жатыр. Өзге бекеттердегі баға - 144 пен 152 теңгенің аралығында.
Автор: Жанар Низамутдинова
29.09.2017
Ал Оралда дизель отыны бір күнде 40 теңгеге қымбаттап шыға келді. Осы уақытқа дейін литрі 144 теңгеден сатылған бұл жанармай қазір 189 теңге. Мамандар мұны біріншіден шетелдік валюталар бағамының көтерілуінен, екіншіден егін жинау науқанының басталуымен байланыстырып отыр. Жүргізушілер болса, жанармайдың талонмен беріле бастауынан күдіктеніп, баға тағы да қымбаттай түсе ме деп алаңдаулы.
Әркен Ғаббасов, Атырау қаласының тұрғыны:
-Талонның кесірі бағаны көтереді, білеміз бұны. Бұл да жоғары жақтағылардың жасап отырған бизнесі деп ойлаймыз. 92-нің қол жетімді болғаны жақсы біз үшін, қарапайым халық үшін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!