Семейдің биологиялық орталығы тұңғыш рет алып асқабақты өсірді
Оның салмағы – 40 келі, диаметрі – 170 сантиметр. Ал оны өсіру үшін ешқандай химиялық қоспалар қолданылмаған. Сондықтан мамандар бұл асқабақты таза табиғи өнім деп отыр. Айтуларынша, көкөністі үйірме оқушылары ала жаздай күніне екі мәрте суғарып, күтіп-баптаған екен. Қазір, оны екі адам әрең көтереді. Алғашында бұған өздері де сенбеген. Енді, дәрі- дәрмексіз үлкен өнім алуға болатынына көз жеткізген, орталық мамандары келер жылы жетістіктерін еселей түспек ниетте. Тіпті биыл асқабақпен қатар, салмағы бір келіден асатын сәбіз бен картоп та өсіріпті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
29.09.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
20 желтоқсан
Серіктестер жаңалықтары