«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» бұған дейін аты шыққан танымал тұлғалар ілікпейтін болды
«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» бұған дейін аты шыққан танымал тұлғалар ілікпейтін болды.
Автор: Азамат Алдоңғаров
29.09.2017
Тізімді құрастырып жатқан жұмыс тобы 7-ші маусымнан 15-ші қыркүйекке дейін арнайы сайтқа кеп түскен екі мыңнан астам ұсыныстың ішінен 515 үміткерді іріктеп алыпты.
Оларға қойылған басты талап – білімімен, талантымен Қазақстанның дамуына үлес қосуы. Алдын ала жасалған есімдер тізімі жұмыс тобы мүшелеріне берілді. Олар оған өз ұсыныстарын алып-қосып, 300-ге дейін қысқартуы тиіс. Ал қазанда «100esim.el.kz» сайтында қортынды 100 есімді халық өзі дауыс беру арқылы анықтайды. Олар туралы деректі фильмдер түсіріліп, халық арасында насихатталмақ.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
– 100 кандидатты халық бір ауыздан қолдайды деп ойламаймын, ол мүмкін емес. Осы бастан тізімге неліктен Геннадий Головкин енбеді деген сұрақ туындайтынын біліп отырмыз. Бірақ біздің ұстаным – бұл 100 жаңа есім болуы тиіс. Біз керісінше, Головкин өзіне үлгі тұтқан белгісіз азаматтарды тізімге алуымыз мүмкін
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!