{metadescription}
Тікелей эфир: Алматыда әйел мен оның үш баласы көлік астында жаншылып қалды
Тікелей эфир: Алматыда әйел мен оның үш баласы көлік астында жаншылып қалды

Тікелей эфир: Алматыда әйел мен оның үш баласы көлік астында жаншылып қалды

Асығамын деп, адам басты. Алматыда әйел мен оның үш баласын қағып кеткен жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Ал, көлік астында қалған ана мен оның бүлдіршіндері қазір ауруханада жатыр.  Дәрігерлер, олардың жағдайы туралы тек түстен кейін түсініктеме берді. Қазір бізбен әріптесім Асқарбек Қазанғап тікелей байланыста. Асқарбек, балалардың денсаулығы қалай?

-Жантүршігерлік жол апатынан кейін балалар бірден шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілген.  Үшеуі де бастан жарақат алып, милары шайқалып,  бас сүйектеріне зақым келген  көрінеді.Ал, біреуінің хәлі әзірге ауыр. Жан сақтау бөлімінде жатыр. Алайда, ақ халаттылар оған операция жасалмайтынынын, әзірге әліптің артын бағатынын айтады.

Дінмұхаммед Рузидинов, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-Жан сақтау бөлімінде жатқан баланың диагнозы ашық бас жарақаты. Бас миының соғылуы, шүйде аймағының жарасы бар. Балалардың жастары сегізде, біреуі алтыда, біреуі үште.

-Дәрігерлер, балалардың жағдайы жіті бақылауда болатынын айтып отыр. Ем-дом ойдағыдай жасалса, орташа он күннен кейін оңалып кетер деген үмітте.

-Ал, балалардың анасының денсаулығы қалай екен? Ол туралы ақпарат бар ма?

-Бүлдіршіндердің анасы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Ол да бастан ауыр жарақат алған. Әзірге, сұхбат беруден бас тартып отыр. Жол апаты ауыр психологиялық соққы бергендей. Дегенмен, дәрігерлер өмірге төніп тұрған қатер жоқ деп сендірді.

-Апатқа кінәлі жүргізушіге қатысты сотқа дейін тергеу амалдары басталыпты. Құзырлы органдар басқа тың ақпараттарымен бөлісті ме?

-Иә, жол ережесін елемеген тайотаны тізгіндеген жүргізушіге Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша тергеу басталып кетті.

1984 жылғы азамат «жол бер» деген жол жиегіндегі белгіні пысқырмаған. Көзді ашып жұмғанша бмв көлігіне соғылып, жол жиегіндегі үш баламен тұрған ананы басып өтті.   Айдың күннің амандығында болған бұл апат жұртшылық жағасын ұстатып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде. Оқиға кеше кешкісін Өжет ауданында болған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде