Қарағандыда жылу маусымы басталмай жатып құбырлардан ақау шыға бастады
Жақын күндері ғана екі ықшамауданға жылу беруді бастаған құбырдың бірі жарылып, 130-дан аса көбқабатты үй жылусыз қалды.
Автор: Саят Сабдалы
29.09.2017
Таңертеңгілік мына аумақтағы тұрғындар белуардан келетін ыстық суға тап болды. Оның буынан көлік қозғалысы да баяулаған. Жауапты мекеме құбырдағы суды тоқтатып, жөндеу жұмыстарына кірісіпті. Ал оған дейін, көпқабатты 133 үйге жылу толық бармайды. Дегенмен, жылудың ресми берілетін уақыты 1-ші қазанға дейін жарылған құбырды жамап боламыз деп отыр.
Сергей Викторов «Теплотранзит Караганды» ЖШС бас инженері:
-Аталған аумақтағы құбырлар күрделі жөндеуді талап етеді. Келесі жылы біз осы жұмыстарға кірісеміз. Әзірге жамай тұрамыз. Қаладағы жылу құбырларының басым бөлігі ескіргені жасырын емес. Осы жаздың өзінде ақауы барларын ауыстыруға 500 миллион теңгедей қаражат жұмсадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!