{metadescription}
Атырау облысындағы Мақат кентінде екі бүлдіршін жоғалып кетті.
Атырау облысындағы Мақат кентінде екі бүлдіршін жоғалып кетті.

Атырау облысындағы Мақат кентінде екі бүлдіршін жоғалып кетті.

4 жастағы Әмина Баймұқан мен 5 жасар Игілік Аққали есік алдында ойнап жүрген жерінен ізім-қайым болған.

Үлкендер балалардың жоқ екенін кешкі сағат 6-лар шамасында байқапты. Өз беттерінше іздегендерімен нәтиже бермеген. Осыдан соң кешкі сағат сегіз жарымдарда полицияға арыз түсіріпті. Сөйтсе, 27 жастағы ауылдас келіншек, қос бүлдіршінді Құлсары қаласына алып кетіп қалған болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Белгілі болғандай оның жүйке жүйесі ауырады екен. Ал, Қос бүлдіршіннің аздап суық тигізіп алғаны болмаса, жағдайлары жақсы. Қазір олардың 150 шақырым жердегі қалаға қалай жеткендіктері анықталып жатыр.

Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта балалар ата-аналарының қасында. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстықы Кодексінің 125 бабы, яғни, адам ұрлау фактісі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде