{metadescription}
 Ақмола облысында жоғалып кеткен әжейдің өлі денесі табылды
 Ақмола облысында жоғалып кеткен әжейдің өлі денесі табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен әжейдің өлі денесі табылды

Зеренді ауданындағы құтқару қызметі мен орманшылар, ауыл тұрғындары тайлы-тұяғымен бір апта бойы қалың  орман ішін кезіп іздеген 70 жастағы Валентина Чекина мүлдем басқа жаққа кетіп қалған болып шықты.

Ондаған шақырымды алып жатқан орманды алқапты әжейдің қанша жүріп өткені белгісіз. Оның өлі денесін бүгін Викторовка ауылынан 10 шақырым жердегі қалың ағаш арасынан жоғалған малын іздеп жүрген жылқышы тауып алды. Валентина Чекинаның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі, құтқарушылардың сабылып іздеген аумағынан әлдеқайда  алысқа кеткен. Орманды алқаптан шығып егістік арқылы тағы қалың орманға кіріпті. Сөйтіп,саңырауқұлақ теруге кеткен турист әжей ауылға жетпей мерт болған. Оның мүрдесі қазір Көкшетауға сараптамаға жіберілді. Айта кетейік, Чекина Зеренді урортты аймағына Тараздан демалуға барған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде