{metadescription}
Отандық банктерге жасалатын хакерлік шабуылдар көбейген
Отандық банктерге жасалатын хакерлік шабуылдар көбейген

Отандық банктерге жасалатын хакерлік шабуылдар көбейген

Қазақстандық банктерге төнген қауіп сейілмей тұр! Елімізде екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына кибер шабуыл жалғасып жатыр. Ал, хакерлермен Ұлттық қауіпсіздік комитеті күресуде.

Олар банктердің интернет-ресурсына ұрын кірмек болғандармен түні бойы күресіпті. Яғни, хакерлер шабуылды бір сәт тоқтатпаған. Соққының шетелден келіп жатқаны белгілі. Тіпті, шабуыл бір сәтте бірнеше елден жасалуда. Негізі, хакерлердің бұл әрекеті 2 күн бұрын басталған. Шабуылға тап болғанын бұған дейін Qazkom ресми түрде мәлімдеген болатын. Соның кесірінен, банктің сайты бірнеше сағат бойы істемей қалған. Мұндай жағдай Halyk bank-те де тіркелді. Өйткені, хакерлер оларға бір сәтте көп IP мекенжайдан жалған сұраныс жолдаған. Сол арқылы порталдың жұмысын бұғаттамақ болыпты. Десе де, банктер қауіпсіздікті бірден күшейтті. Қазір коммерциялық банктердің біреуі ғана соққыдан құтыла алмай отыр. Негізі екінші деңгейлі қаржы ұйымдары өз қауіпсіздігін өздері қорғауы тиіс. Десе де, бұл жолы жағдайға Ұлттық қауіпсіздік комитеті білек сыбана кірісіп отыр. Жағдайды жіті бақылауда ұстап отырған Бас банк те тиісті шараларды дер кезінде қолдандық дейді.

Сымбат Нұрова, ҚР Ұлттық банкі ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасының маманы:

- Ұлттық банк ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ақпарат тексерілді. Және бірқатар техникалық дайындық шаралары жүзеге асырылды.  Қауіпті оқшаулауға, шығындарды азайтуға және алдын-алу шараларын қабылдау үшін қажетті мәліметтер алуға мүмкіндіктер жасады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде