{metadescription}
Үкімет америкалық кәсіпкерге қыруар өтемақы төлейтін болды
Үкімет америкалық кәсіпкерге қыруар өтемақы төлейтін болды

Үкімет америкалық кәсіпкерге қыруар өтемақы төлейтін болды

Халықаралық сот Қазақстан мен АҚШ азаматы арасындағы дауға нүкте қойды. Оған сәйкес, Үкімет «Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани»-дің қожайыны Девинчи Хураниге бір миллиард доллар төлеуі тиіс.

Бұл дау 9 жыл бұрын басталған. Девинчи Хурани 6 мың 500 долларға қазақстандық «Қаратөбе Интернэшнл Ойл Компани»-дің 92 пайыз акциясын сатып алады. Сөйтіп, Ақтөбе облысында мұнай барлаумен айналысқан. Үкімет аталған компанияға қара алтын өндіру ісін тоқтатуды талап еткенде,  АҚШ азаматы Қазақстанның үстінен Халықаралық инвестициялық дау-дамайды реттеу орталығына арыз жазады. Бастапқыда Хурани 2 миллиард доллар талап еткен. Алайда ол бұл соммаға елімізде нақты қандай жобаны қаржыландырғанын дәлелдей алмаған. Дегенмен, Хурани мұнымен тоқтамай, Қазақстанға қатысты қайта іс қозғатып, 1 миллиард доллар сұраған екен. Париждегі төрелік сот оның пайдасына шешім шығарып отыр. Тек еліміздің Әділет министрлігі бұл жолы айыппұлды 39 миллион долларға түсіртіпті.  Оның өзін дәл қазір ешкім төлейін деп отырған жоқ. Өйткені, министрлік арбитражды соттың шешімімен келіспейді. Айта кету керек, Қазақстан шетелдік инвесторлардың құқығын қорғайтын бірқатар халықаралық келісімге қол қойған. АҚШ азаматы сол құжатқа сүйеніп, Қазақстан Үкіметін сотқа беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде