{metadescription}
Қазақстанда ерекектердің жартысынан астамында эректильді дисфункция бар
Қазақстанда ерекектердің жартысынан астамында эректильді дисфункция бар

Қазақстанда ерекектердің жартысынан астамында эректильді дисфункция бар

Ал 30 пайызы мүлде ұрпақ таратуға жарамсыз. Уролог мамандардың дерегі адам шошырлық. Еркектердің әйелдерге қарағанда он жылға аз өмір сүруіне айтарлықтай әсер ететін себептердің бірі осы екен.

Ақ халаттылардың айтуынша, тап осы жыныстық қатынас мәселесінде ерлердің жағдайы мәз болмай тұр екен. Жоғарыда аталған деректерден бөлек, тағы 45 пайызға жуығы жыныстық жолмен таралатын түрлі жұқпалы ауруларға шалдыққан. Сондай-ақ, иммун тапшылығы вирусы, СПИД диагноздарымен есепте тұрған ерлердің саны әйелдерге қарағанда екі есе көп. Еліміздің 14 облысына сараптама жасаған мамандар осындай нәтижелерге тап болыпты. Соның салдарынан еркектер өміріне қауіпті төндіретін жүрек-қан тамырлар ауруына, қант диабетіне, семіздікке тап болады дейді дәрігерлер.

Мырзакәрім Алшынбаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

-Ерлердің денсаулығы тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде ойдағыдай емес. Себебі, дәрігерге үш есе кем барады, Қазақстанда ерлердің өмір сүруі әйелдерге қарағанда он жылға кем. Барлық облыста ерлер денсаулығы деген орталық ашылды. 195 мың еркек сол орталықтан бүгін өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде