Каталония өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялауға дайын!
Кеше өткен сайлау қорытындыларына сүйенген автономия басшысы Карлос Пучдемон осындай мәлімдеме жасады. Онда дауыс бергендердің 90 пайызы Испаниядан бөлінуді қолдапты. Алайда Конституциялық сот бұл референдумның заңды күші жоқ деп отыр.
Автор: Асыл Махмет
02.10.2017
Сайлау өткізуге түбегейлі қарсы болған ресми Мадрид халықтың дауыс беруіне тосқауыл қою үшін сайлау учаскелерін жауып, бюллетендердің көзін жойған. Салдарынан полицейлер мен тұрғындар арасында қақтығыстар болды. Тәртіп сақшылары жиналғандарды қуу үшін резенке оқтар мен көз жасаурататын газ қолданды. Каталониядағы текетірес спортқа да әсер етпей қоймады. Мысалы әлемдегі ең бай клубтардың бірі - Барселона ішкі біріншіліктегі ойынын көрерменсіз өткізді. Ал каталондық клубтың қорғаушы Жерар Пике жерлестерін қолдайтынын, керек болса 2018 жылы әлем біріншілігінде Испания құрмасында ойнамауы да мүмкін екенін айтып көзіне жас алды. Жалпы Каталония өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бері Испания құрамынан шығып, тәуелсіздікке қол жеткізе алмай келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!