{metadescription}
Тікелей эфир: Астана әкімдігі ұсынған жаңа салық жұрт арасында қызу талқыланып жатыр
Тікелей эфир: Астана әкімдігі ұсынған жаңа салық жұрт арасында қызу талқыланып жатыр

Тікелей эфир: Астана әкімдігі ұсынған жаңа салық жұрт арасында қызу талқыланып жатыр

Шенеуніктер қала тұрғындарына қоғамдық көлікте тегін жүргені үшін айына 3800 теңге төлеуге міндеттемек. Бұл автобуспен қатынайтындарға да, қоғамдық көлікке мүлдем мінбейтіндерге де қатысты. Жаңа салық туралы толығырақ қазір тікелей эфирге шыққалы тұрған астаналық әріптесімнен сұрап көрейік.

-Жәудір, қайырлы күн. Елордалықтар ай сайын автобустарға жаппай 3800 теңге төлеуге неліктен қарсы шығып жатыр?

Қайырлы күн, Мәдина! "Astana LRT" компаниясының ұсынысын қолдаушылар да және қарсылық білдіріп жатқандар да көп. Мәселен, күнде автобуспен қатынайтын жолаушылар үшін бұл өте тиімді. Өйткені, Елордада 1 ай автобусмен жол жүру картасы 7 мың 500 теңге тұрады. Яғни, қоғамдық көлікке жиі мінетіндер ақшасын екі есе үнемдейді. Ал көлігі бар немесе автобуспен сирек қатынайтындар қарадай 4 мыңға жуық теңге төлеуге мүлдем келіспей отыр. Тұрғындардың пікірін бірге тыңдап көрейік.

-Жоқ қарсымын. Мінбейтін адамдар да бар ғойМен анда-санда мінемін автобусқа.

-Жоқ, мен неге төлеймін жайдан-жай. Біреуге ақшаны неге беруім керек? Менде машинам бар. Автобусың маған керек емес.

Әкімдіктің бұл бастамасына кейбір сарапшылар да қарсылық білдіріп үлгерді. Мамандар шенеуніктер алдымен "Astana LRT" компаниясына бюджеттен бөлінетін қыруар қаржының қайда жұмсалғанын жариялауды талап етуде. Ал әкімдік қоғамдық көліктерге жауапты компанияға жылына  80 миллиард теңге субсидия береді. Мекеме осы шығынды ақтай алмай отыр, - дейді Әсет Исекешев.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі

-Соңғы 5 жылдан жолақысы 90 теңгеден көтерілмеді. Ал бұл аралықта бензин бағасы өсті, девальвация болды. Егер тарифті 150 теңгеге көтерсек, бюджет шығыны 30 миллиардқа азаяды. Жол ақасы 300 теңге болса, субсидияны мүлдем тоқтатуға болады.

Яғни, Исекешев "Bus километр"  -  теңдесі жоқ жоба деп отыр. Әкімнің айтуынша, егер жұрт жаппай 3800 теңге төлесе, автобустар жолаушыға таласып, бір-бірімен жарысқанды да қояды екен.

-Жәудір, егер әкімдіктің жаңа жоспары жүзеге асса жұрт  3800 теңгені қалай төлейді? Жалпы іске асу механизмдері қалай?

Егер жұрт  жаппай 3800 теңге төлесе, қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Ал жаңа салық коммуналдық қызмет түбіртегіне жазылады да, ай сайын әр пәтерге хат болып келмек. Бұл әзірге ұсыныс ғана. Жаңа жоба әлі талай талқыға түсері анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде