Қазақстан Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешіміне қарсы шағым түсірмек
Бұл ұйым допинг дауынан соң, ұлттық құрама команданы бір жылға спорттан шеттетіп тастаған болатын.
Автор: Досжан Маратұлы
02.10.2017
Күш-қуат беретін дәрі іздері 2008-2012 жылдары Олимпиадаға қатысып, алтын алған Мая Манеза, Зулфия Чиншанло, Светлана Подобедова мен Илья Ильиннің қанынан табылған еді. Енді осы дауға қалған спортшылардың кесірінен Қазақстан құрамасы толықтай бір жылға спорттан шеттетіліп отыр. Яғни,ұлттық құрама жақында АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды деген сөз. Айта кетейік, Қазақстанмен қоса қара тізімге Түркия, Ресей, Қытай мен Беларусь, Молдавия және Әзірбайжан да ілігіп отыр. Олардың да спортшылары күш-қуат беретін дәріні ішкені анықталған. Енді Ауыр атлетика федерациясы штангашыларымызды жылдамырақ спортқа қайтаруды ойлап отыр.
Асхат Бағлан, ҚР Ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы:
-Халықаралық ауыр атлетика федерациясында қазір арнайы комиссия құрылған. Ол допинг дауына іліккен елдерді бақылайтын болады. Біз соларға дәрімен күресіп жатқанымызды көрсетіп, спорттан шеттету уақытын қысқартқымыз келіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!