{metadescription}
Шымкентте пісірілген бір тоннадан астам бауырсақ тұрғындардың бәріне жетті
Шымкентте пісірілген бір тоннадан астам бауырсақ тұрғындардың бәріне жетті

Шымкентте пісірілген бір тоннадан астам бауырсақ тұрғындардың бәріне жетті

Шымкентте қала күніне орай жалпы салмағы мың 136 келі бауырсақ пісіріліп, тұрғындарға таратылды. Осының арқасында Қазақстанның рекордтар кітабы жаңартылды.

Үш жыл бұрын 856 келі бауырсақ пісіріп, рекорд жасаған алматылықтардан озу үшін шымкенттік 20 аспаз 10-шы қазанда бірнеше сағат бойы тер төкті. Бір тоннадан астам бауырсақты әзірлеуге 750 келі ұн, 400 литр өсімдік майы, 60 келі қант пен 150 литр сүт жұмсалыпты. Дайын астың салмағы арнайы таразымен өлшеніп, сонан соң мыңдаған тұрғындарға пакетпен таратылды. Іс-шара демеушілердің есебінен өткізіліп, қала бюджетінен бір теңге де шығарылмағанын айта кету керек. Бауырсақ-патидың соңы рекорд орнатқаны үшін шымкенттіктерге арнайы сертификаттың табысталуымен аяқталды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде