Маңғыстау облысына барған сенаторлар әскери бөлімдердің кемшілігін атады
Қазақстандық қару-жарақтың қауқары мәз емес. Маңғыстау облысына ат басын бұрған сенаторлар осындай байлам жасады. Іс-сапар барасында жағалу күзеті, шекара қызметі мен артиллерияның қуатын байқап, барлық мән-жәймен танысқан депутаттар, үкіметке қарулы күшті нығайтуға бағытталған үш жылдық бағдарламаны қайта өңдеу керектігін айтты.
Автор: Мақсат Мәліков
02.10.2017
Маңғыстау облысындағы әскери бөлімге бас сұққан Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар тобы, сонымен қатар, Ақтау халықаралық теңіз сауда портына аялдап, оның тыныс тіршілігімен танысты. Қазақстандық флоттың бүгінгі жағдайына қанық болған сенатор, жақын арада шешімін табуы тиіс қадаудай үш мәселені тілге тиек етті. Оның айтуынша, елімізде браконерлікпен күрес, кеме жасау және қарулы күшті нығайту бағдарламасын қайта өңдеуіміз қажет. Бір ғана мысал ретінде айтсақ, су бетінде туындаған төтенше жағдайды ауыздықтау үшін маңғыстаулық құтқарушылардың еншісінде бірде-бір кеме жоқ екен.
Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:
-Бірталай шешілмей жатқан мәселелер осы жерде көтерілді. Өте жақсы ашық әңгіме болды. Бәріміз күш салып жұмыс істесек, бәрі де ептеп шешіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!