{metadescription}
Еуроодақтан шыққысы келмейтін ағылшындар бас көтеріп жатыр
Еуроодақтан шыққысы келмейтін ағылшындар бас көтеріп жатыр

Еуроодақтан шыққысы келмейтін ағылшындар бас көтеріп жатыр

Наразылық шеруін еуроцентристер Консервативтік партияның жыл сайынғы дәстүрлі төрткүндік конференциясына қарсы әдейі ұйымдастырған.

Манчестер көшелерінде 30 мың адам қолдарына Еуроодақ жалаушаларын алып шықты. Олар биліктен Брекситке қатысты референдумды қайтадан өткізуін талап етуде. Сонымен бірге, үкіметтің бюджетті үнемдеуіне қарсылық білдіріп жатыр. Араларында тіпті консервативтік партия өкілдері де жүр. Дегенмен, қарсылықты бастап жүрген негізінен либералдар. Олардың айтуынша, британ университеттерінде зерттеу жүргізіп жатқан әлемдік беделді бағдарламалар Еуроодақ тарапынан қаржыландырылады. Сондықтан, ағылшындар Еуропадан қол үзсе, сол қаржы түсімінен де айрылады екен. Айта кетейік, өткен жылдың маусым айында бүкіл Ұлыбритания референдум өткізіп, басым дауыспен Еуропалық ұйымнан шығу туралы шешім қабылданған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде