Каталониядағы тәуелсіздік дауына Еурокомиссия бірінші рет үн қатты
Ұйымның ресми өкілі Маргаритис Схинас «Испания конституциясына сәйкес, Каталониядағы дауыс беру заңсыз» деп мәлімдеді.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.10.2017
Бұған дейін сайлау қорытындыларына сүйенген автономия басшысы Карлос Пучдемон Каталония өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялауға дайын екендігін мәлімдеген. Өйткені, дауыс бергендердің 90 пайызы Испаниядан бөлінуді қолдапты. Сайлау өткізуге түбегейлі қарсы болған ресми Мадрид халықтың дауыс беруіне тосқауыл қою үшін сайлау учаскелерін жауып, бюллетендердің көзін жойған. Салдарынан полицейлер мен тұрғындар арасында қақтығыстар болды. Испанияның үкімет басшысы Мариано Рахой дауыс беру нәтижелерін мойындамай, оны керісінше мемлекеттің тұтастығына төнген қауіп деп бағалап отыр.
Мариано Рахой, Испания премьер-министрі:
-Конституциямызды белден басып, Тәуелсіздігімізге нұқсан келтіріп, бүкіл испан халқының пікірімен санаспаған референдумды болды деп санамаймын. Бұл заңсыз референдум қандай деңгейде өтсе де біз еліміздің тұтастығын сақтап қалатындай қауқарымыз бар екенін көрсете алдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!