{metadescription}
Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың мәйіті қаңғыбастармен бірге көмілген
Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың мәйіті қаңғыбастармен бірге көмілген

Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың мәйіті қаңғыбастармен бірге көмілген

Алматыда әкелері тұншықтырып өлтіріп, мәйіттері кейін тоңазытқыштан табылған қос бірдей сәби қаңғыбастармен бірге көмілген. Рамиль Гильмутдиновтың адвокатының айтуынша, мәйітханадағылар балалардың денесін туыстарына берудің орнына, аты-жөні жоқтармен бірге көміп жіберіпті. Десе де, бұған дейін тоңазытқыштан табылғандарды Ташкенттегі атасы алып кетті деген ақпарат тараған болатын. Ал қатігез әкенің қолынан аман қалған үшінші баланың жағдайы болса нашарлап, бүлдіршін инфекциялық ауруханадан бір-ақ шыққан. Ақ халаттылар мұны күтімнің болмауымен...

йланыстырып отыр.

Равиль Волченко бір ажалдан аман қалған бала. Бірақ, әке-шешесінің қанішер екенін біліп жатқан ол жоқ. Қайта ішқұса боп ауырып, басқа ауруханадан бір-ақ шықты.     

Насихат Тулекова, Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Мұнда бала өзінің негізгі емін алып жатыр.Бүгінгі күнде баланың жағдайы қанағаттанарлық деп айтсақ та болады. Дене қызуы қалыпты. Медбикелер, кіші медибкелер үнемі баланың қасында. Тамағын беріп, үстін ауыстырып, үнемі біздің бақылауда.

Десе де, бала көңілсіз. Тіпті, бұрынғыдай ойыншыққа да алдануды да қойыпты. Онсыз да көшеден табылғалы аурухананы паналаған бүлдіршіннің әке-шешесін сағынғаны айтпаса да түсінікті. Ал, баласын іздеп жүрегі ауырған ана жоқ. Полицейлердің айтуынша, Алла Волченко арақтан есін жиғалы ұлы жайлы бір рет те сұрамапты. Тергеу абақтысында түк болмағандай жатқан көрінеді. Алла Волченко мен оның азаматтық некедегі күйеуі Эмиль Гильмутдинов екі бірдей баласын тұншықтырып өлтіріп, ал мәйіттерін тоңазытқышқа тығып кеткен болатын. Үлкен ұлдың періштесі қағып аман қалды.          

-Қанішерлердің қолынан аман қалған бала қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында. Десе де, дәрігерлер оны 10 күннен артық ұстай алмаймыз деп отыр. Жалпыға бәрдей ережеге сәйкес, беті бері қараған соң бүлдіршін палатаны босатуы керек.

Тағдыр тәлкегіне түскен кішкентай Рамиль инфекциялық ауруханадан кейін балалар үйіне ауыстырылады. Оның әке-шешесіне қатысты сот үкімі шыққанға дейін бала уақытша сол мекемені паналай тұрады. Соттың оны туған атасына беру, бермеуі әзірге белгісіз. Өйткені, күдіктілердің адвокаты Амангелді Сәриевтің айтуынша, тіпті қос сәбидің мәйіті туыстарына берілмей, аты-жөні жоқ қаңғыбастармен бірге көміліпті.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде