Ішкі Істер министрлігі сауатсыз сақшыларды әшкерелеген генералдың кім екенін айтты
Сақшыларды жерден алып жерге салған генерал тексеріс жүргізіпті! Бүгін Ішкі істер министрлігі интернетті шулатқан видеоға қатысты түсініктеме берді. Онда полиция генерал-майоры Асқар Оспановтың Астанадағы бөлімдердің біріне ескертусіз кіріп барып, сақшылардың жер жебіріне жетіп жатқаны анық көрінеді.
Автор: Досжан Маратұлы
02.10.2017
-Вот подазреваемый лицо. Который совершил нападение на участковый пункт полиции. Произведи личный досмотр его. На видео записывается. Содержимый в кармане вытащите!
-Что, он подозреваемый лицо. Вооружен, совершил наподение. Ваши действия?
-Двойка вам!
Сөйтсе, бұл министрлікке қарасты Арнайы дайындық департаменті басшысының аяқ-асты жүргізген тексеруі екен. Мұнда Оспанов емтихан алғандай полицейлердің міндетінен бастап, алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілетініне дейін сұрап жатыр. Өкініштісі, генералдың сауалына полицейлердің бірде-бірі жауап бере алмай ұятқа қалған. Тіпті, қолындағы тапаншасының колибрінен де бейхабар болып шыққандары да бар. Тексере келе, бұның былтыр түсірілген видео екені анықталды. Бұны интернетке кімнің салғаны да тексеріліп жатыр. Ал, міндетін толық білмегені үшін сауатсыз сақшылар жазасын алыпты.
Алмас Садубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
-Осылайша, ол қызметкерлердің штаттан тыс жағдайдағы әрекетін тексерген болатын. Барлық процесс камераға түсірілген. Бейнематериалдар әдістемелік құрал ретінде жазылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!