Отандық зілтеміршілер спортқа мүлдем оралмауы мүмкін
Еліміздің зілтеміршілері тағы да үлкен дауға қалды! Себебі Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг дауынан соң, ұлттық құраманы бір жылға спорттан шеттетіп тастады. Қазір еліміз шетелдік ұйымның шешіміне қарсы шағым түсіруге әзірленіп жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
02.10.2017
Сөйтіп, ел қоржынына алтын әкелумен аты шыққан спорт түрі уақытша тұралап қалмақ. Жалпы, күш-қуат беретін дәрі іздері 2008-2012 жылдары Олимпиадаға қатысқан Мая Манеза, Зулфия Чиншанло, Светлана Подобедова мен Илья Ильиннің қанынан табылған еді. Енді осы дауға қалған спортшылардың кесірінен Қазақстан құрамасы толықтай бір жылға спорттан шеттетіліп отыр. Яғни,ұлттық құрама жақында АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды деген сөз. Айта кетейік, Қазақстанмен қоса қара тізімге Түркия,Ресей, Қытай мен Беларусь, Молдова және Әзірбайжан да ілігіп отыр. Олардың да спортшылары күш-қуат беретін дәріні ішкені анықталған. Енді Ауыр атлетика федерациясы штангашыларымызды жылдамырақ спортқа қайтаруды ойлап отыр.
Асхат Бағлан, ҚР Ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы:
-Халықаралық ауыр атлетика федерациясында қазір арнайы комиссия құрылған. Ол допинг дауына іліккен елдерді бақылайтын болады. Біз соларға дәрімен күресіп жатқанымызды көрсетіп, спорттан шеттету уақытын қысқартқымыз келіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!