{metadescription}
Алматы облысында жұрт алапат өрттің ортасынан қалай шыққандарын айтты
Алматы облысында жұрт алапат өрттің ортасынан қалай шыққандарын айтты

Алматы облысында жұрт алапат өрттің ортасынан қалай шыққандарын айтты

Алматы облысында он отбасы тілсіз жаудың құрбаны бола жаздады. Жексенбі күні Жансүгіров ауылындағы екі қабатты нысаннан өрт шығып, тұрғындар әзер дегенде далаға қашып үлгерген. Құдай сақтағанда, адам өлімі мен күйіп қалғандар жоқ.

Демалыс күні шырт ұйқыда жатқан ел жанталаса қашуға мәжбүр болған. Таңғы сегіздер шамасында тұтанған өрт лезде күш алып, екі қабатты нысанды әп-сәтте шарпып үлгерген. Ғимараттың тез жанып кетуіне үйдің каркастан қалануы себеп екен. Ал төтеншеліктер қызыл жалынмен 5 сағат бойы алысып әзер дегенде сөндірген.  

Роза Шуткина, Жансүгіров ауылының тұрғыны:

-Өрттің қайдан шыққанын түсінбей қалдық. Тез киініп далаға жүгіріп шықтық. Дүние-мүлікті алып үлгермедік. Ендігі күніміз не боларын білмедім. Шенеуніктер жерде қалдырмайтын шығар деп сенеміз. Мына қара суықта далада қалғанымыз қиын болып тұр.

Бұл ғимараттың негізі 58 жыл бұрын қаланған екен. Өзі де ілініп-салынып әзер тұрған нысанның екінші қабатын 10 отбасы паналаған. Қазір сол 32 адам үй-күйсіз қалды. Ал, төменгі қабатында 6 дүкен бар еді. Сауда орнының да түгі қалмай жанып кетті. Жергілікті билік баспанасыз қалғандарға жәрдем беруге уәде еткенімен, кәсіпкерлерге көмек болмайды деп қысқа қайырған. Шенділердің бұл жауабын дүкен иелері түсінбей дал.   

Меруерт Таймас, Жансүгіров ауылының тұрғыны:

-Жолдасым  мүгедек, Үкімет дүкен үшін неге жауап бермейді, білмеймін. Бәрі үйім де, дүкен де осы өртте кетіп отыр. Үйді өндіремін, дүкенге жауап бермеймін дейді. Не үшін?

Ал атқамінерлер зардап шеккендерді колледж жатаханасына жайғастыруға әзір екен. Бірақ тұрғындардың онда барып студенттің күйін кешкілері жоқ. Сондықтан қолайлы баспана берулерін талап етуде. Шенеуніктер болса, бәрін қарастырып жатырмыз дегенді айтады.

Есім Батырханов, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары:

-Қазір бірінші кезекте апатты үйді сүріп тастау мәселесі тұр. Сонан соң,  өртенген пәтерлерге өтемақы беру жайын қарастырамыз. Ал дүкен иелері шығынды сақтандыру компаниясынан дауласын.

Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Қазір соны анықтау жұмыстары жүруде. Ал шаш етектен шығынға батқан кәсіпкерлер қарап жатпақ емес. Олар өтемақы берілуін талап етіп, облыс әкімінің атына арыз жазбақ.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.