Ақтауда биіктен құлап өлмек болған қыз оқиға орнынан қашып кеткен
Ақтауда полицейлер тоғызыншы қабаттан құлап өлмекші болған қызды іздестіріп жатыр. Ал бойжеткенді балконда асылып тұрған жерінен байқап қойып қағып алған жігіттер құтқару операциясының қалай өрбігенін айтып берді.
Автор: Асыл Махмет
02.10.2017
Көзсіз ерлік жасаған Зураб Гандалоев пен Қанат Серкебаев. Зураб қоқыс тастау үшін далаға шығып бара жатып жылған қыздың дауысын естіген. Сегізінші қабатта тұратын ол алғашында не болып жатқанын түсінбей абдырап қалады. Тоғызыншы қабаттан аяқтары салбырап тұрған қызды көргенде бірден көмекке көршісі Қанатты шақырып, олар бойжеткенді құтқаруға кіріседі. Тіпті Зураб Гандалоев қызды ұстаймын деп өзі сегізінші қабаттан ұшып кете жаздапты. Ал, аман қалған ару құтқарушыларына алғыс айтпастан қаша жөнеліпті. Куәгерлер оны есік алдында бір жігіт күтіп алып екеуі көзден ғайып болды дейді.
Зурап Гандалоев, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Ол қолын жібере салды. Аяғы менің денеммен сырғып ішке қарай түсті. Ал менің аяғымды қанат ұстап тұрған. Қыз үстіме құлағанда өзім ұшып кете жаздадым. Қанат мені де ұстап қалды. Біз бірге құтқардық. Кез-кеген ер адам қызға көмектесер еді деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!