{metadescription}
Қазақстанда бензин 157 теңгеге дейін қымбаттағалы жатыр
Қазақстанда бензин 157 теңгеге дейін қымбаттағалы жатыр

Қазақстанда бензин 157 теңгеге дейін қымбаттағалы жатыр

Ал, күн сайын қымбаттап жатқан бензин бағасы тағы шарықтамаса, енді арзандамайды. Бүгін Энергетика министрлігі АИ-92-нің 157 теңгеге дейін өседі деп мәлімдеме жасады. Тіпті ахуалдың ушыққаны соншалық елімізде қазір 15 күнге жететін жанармай қалыпты.

Нұркен Мырзағалиев, «Қазмұнайгаз өнімдері» ЖШС бас директорының орынбасары:

-Меніңше баға қазан айының ортасынан бастап  қымбаттай бастайды. Яғни, литріне 157 теңге болады. Өйткені, бензинді Ресейден сатып алу. тасымалдау, сақтау барлығы артық шығын.

Яғни, артық шығын болған соң, кәсіпкерлердің бағаны өсіруден басқа амалы жоқ. Айтуынша, жанармай тапшылығына мұнай өңдеу зауыттарының бірінен соң бірі жөндеуге жабылуы себеп екен. Қазір Атыраудан кейін Павлодардағы зауыт уақытша жұмысын тоқтатқан. Сондықтан отандық бензиннің үлесі азайғандықтан Ресейден сатып алуға тура келеді. Ал, ондағы баға қазір шарықтап тұр. Тіпті өзіміздің зауыттар қайта іске қосылған күннің өзінде бағаның енді түсе қоюы екіталай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде