{metadescription}
Тапшылық: Еліміздің бірнеше облысында жүргізушілер бензин таппай көше кезіп кезіп жүр
Тапшылық: Еліміздің бірнеше облысында жүргізушілер бензин таппай көше кезіп кезіп жүр

Тапшылық: Еліміздің бірнеше облысында жүргізушілер бензин таппай көше кезіп кезіп жүр

Павлодар облысының әкімі бензин тапшылығын кәсіпкерлердің өзінен көрді. Мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылатынын біле тұра бекет иелері жанармайды артығымен жинамаған дейді Болат Бақауов. Шенділер осылай жаңалық ашып жатқанда Оралда бензин бағасы өссе, Қарағанды облысында жұрттың қолы қымбат жанармайға да жетпей жатыр. Ал дизель атаулы мұнда мүлдем жоқ.

Елордаға өз өңірінің ахуалы жайлы есеп беруге барған Павлодар облысының әкімі бензиннің мәселесін де қозғады. Болат Бақауов жанармай тапшылығын жасаған кәсіпкерлер екенін айтып «ағынан жарылған».

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

-Бензин тапшылығы мен бағаның өсуі мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуынан емес. Бұған зауытта жөндеу жұмыстарының басталарын біле тұра бензинді артығымен алып қоймаған жанармай бекеттері бар кәсіпкерлер кінәлі.   

Қазір, Жезқазған мен Сәтбаевтағы және Жаңаарқа ауданындағы жанармай бекеттерінде мынадай ұзын-сонар кезек. Тұрғындар бензинді сағаттап күтіп діңкелегендерін айтады. Оның өзінде бір көлікке ары кетсе 15-20 литр ғана талонмен беріледі деп отыр.  

-Масқара таңертеңнен кешке дейін кезекте тұрмыз. Бір жеті болды, шаршадық.  

-Күнде келеміз, бензин жоқ, талонмен дейді. Лимит дейді. Үш-ақ мыңға құйып жатыр. Түске дейін  келіп алмасаң, кешкі уақытта таусылып қалады.

Қарағанды облысының билігі тапшылықты жоюдың өзіндік жолын тапқан екен. Айтуларынша, Жезқазғанға Ресейден 500 тонна жанармай келе жатыр.

Алмас Айдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-"Қазмұнайгазға" 350 тонна жанармай тиеген пойыз Ақтөбе облысына жетті. Қазір жүк пойызының кедергісіз жетуі бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жеке компанияның 150 тонна жанармайы да сол жақтан келе жатыр. Бүгін кешке дейін олар жетуі тиіс

Ал, мұндай тапшылық болмаса да, Ресейден таяқ тастам жерде тұрған Оралда бүгін бензин шамамен төрт теңгеге қымбаттаған. Қазір мұнда АИ 92 153 теңгеден сатылып жатыр.  

Ал Қарағанды облысына жанармай жетем дегенше, Жезқазған мен Сәтбаевта қасықтап сатылатын бензин бағасы аспандап барады. Қазір АИ 92 маркасы 158 теңгеге дейінгі бағаға жеткен. Ал дизель отыны мүлдем жоқ. Қарағанды облысы басшылығы өңірге Ресейден бағыт алған отынды жылдам жеткізудің қамын жасамақ. Зауыттар іске қосылғанда жағдай реттеледі дейді. Тек, көнбіс халық тағы да шыдай тұрса болғаны.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.