Лас-Вегастағы қанды қырғында қаза тапқандардың саны артты
Кешегі жантүршігерлік оқиғадан кейін есін енді жия бастаған полицейлер тағы 9 адамның өлгенін хабарлады.
03.10.2017
Сонымен, оққа ұқшандардың саны бүгінде 59 адамға жетіп отыр. Ал жаралылар одан да көп. Қалың топтың арасында барлығы 527 адам жаншылып, ауруханаға түсіпті. Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Ал кантри тыңдауға келген көрермендерді баудай қырған қылмыскердің жауыздық қанында болуы мүмкін. Өйткені, жергілікті журналистер анықтағандай, Стивен Пэддоктың әкесі Бенджамин Хоскинс Пэддок АҚШ-тағы кәнігі қылмыскердің бірі болыпты. Ол талай жыл ФБР-дың іздеуінде болып, кейіннен ауыр қылмысы үшін 20 жылға сотталып тынған. Оның үстіне, үлкен Пэддок аса қауіпті психикалық ауытқушылығы бар сырқаттардың тізімде екен. Айта кетерлігі, Лас-Вегастағы қанды қырғынның артынан іле-шала ДАИШ ұйымы Пэддокты өз адамы деп хабарлаған. Алайда, ол ақпарат жалған болып шықты. Ал зардап шеккен қазақстандықтар жайлы әзірге мәлімет жоқ. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Америка полициясынан тізімді алған бойда жерлестеріміздің бар-жоғын тексеруге кіріспек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!