{metadescription}
Шекарадағы кеден бекеттерінің барлығы электронды жүйеге көшіп жатыр
Шекарадағы кеден бекеттерінің барлығы электронды жүйеге көшіп жатыр

Шекарадағы кеден бекеттерінің барлығы электронды жүйеге көшіп жатыр

Енді еліміз арқылы жүк тасымалдайтын кез-келген көлікті автоматтандырылған құрылғы тексеретін болады. 

Жаңа жүйе осы айдан бастап іске қосылды. Оған сай, жүк иесі кеденшілерге алып өтетін тауары туралы алдын ала өтініш жазады. Шекараға жеткен кезде транзиттік декларация толтырмайды. Бұл кеденшілердің жұмысын екі есе жеңілдетеді және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Ал бұған дейін жүк тасымалдаушылар екі рет құжат толтыратын. Бірінші - тауардың бағасы, көлемі мен атауы туралы өтініш жазады, кейін кеден бекетіне жеткенде тағы декларация толтыруы  тиіс еді. Шенеуніктер жүк көліктерін кезексіз, тез өткізу үшін кейбір қызметкерлердің пара алып келгенін де мойындап отыр. Енді жемқорлыққа жол жоқ. Әзірге жаңа жүйе тек жүк көліктеріне қатысты. Ал келесі жылы қаңтардан бастап шекара арқылы қатынайтын жолаушылар да электронды тексеруден өтеді.

Ғосман Әмірин, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

-Кеден операциялары басқаша деңгейге шығып жатыр, тез жүретін болып. «Астана-1» ақпараттық жүйесінде бірге жұмыс істейміз. Брокердің өзі өзінің компьютерінде емес, біздің серверде. Кеден қызметкерінің де орны бар. Фитосанитар, ветеринар біздің ортақ жүйеде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде