{metadescription}
Ақтауға барған Назарбаева мектептің тыныс-тіршілігімен танысты
Ақтауға барған Назарбаева мектептің тыныс-тіршілігімен танысты

Ақтауға барған Назарбаева мектептің тыныс-тіршілігімен танысты

Министрліктер арасындағы мәселеге депутаттар араласпақ! Бүгін Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Ақтаудағы мүгедек балаларға арналған арнайы мектепке бас сұғып, ерекше балаларды оқыту үшін алынған құрал-жабдықтарды көрді.

Қажетті замануи техниканы арнайы мектепке “Samruk-Kazyna Trust” қоры сыйға тартқанымен, шешімін таппаған жайт мұнда жетерлік екен. Яғни, есту-көру қабілеті нашар балаларды арнайы әдістемелік және баспа құралдарымен Білім министрлігі қамтамасыз етуі керек көрінеді. Бірақ,мұның барлығын мектеп басшылығы өз жандарынан қаражат шығарып сатып алып отыр. Өйткені, Білім министрлігіндегілер мүгедек балаларды қажетті керек-жарақпен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қамтамасыз етеді деп ойлайды екен. Ал ондағылар бұдан бейхабар. Осылайша, екі министрлік арасындағы түсініспеушілікке енді сенаторлар нүкте қоямыз деп отыр.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Мемлекеттік органдардың жауапкершілікті бір-біріне артқысы келетіні анық байқалып тұр. Біз, мұны бұлай қалдырмаймыз. Айтылғанның барлығы мемлекет тарапынан берілу керек. Мүгедек балалардың құқықтары басқалармен бірдей. Сондықтан олар, мейлі қандай мектепте білім алса да, қажетті нәрсемен мемлекет қамтамасыз етуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде