{metadescription}
Алматыда кеміргіш саны азайса да, олармен күреске 3 есе көп ақша бөлінді
Алматыда кеміргіш саны азайса да, олармен күреске 3 есе көп ақша бөлінді

Алматыда кеміргіш саны азайса да, олармен күреске 3 есе көп ақша бөлінді

Алматыда тышқан мен егеуқұйрықты улауға бюджеттің 86 миллион теңгесі кеткен. Қазір мамандар сол қаржыға сатып алынған уды тұрғындарға тегін таратуда. Әрі өзен, арық маңайлары мен ашық алаңдарды өңдеп жүр. Ал, жұрт тышқан аз болса да әбден әбігерге салып жатқанын айтады. Тіпті, зиянкестер адамдарды тістеп, қауіпті ауру жұқтырып ала жаздағандар көбейіпті.

Саны аз болғанымен, кесірі көп. Кеміргіштердің сиреуінен тұрғындарға еш пайда болмай тұр.

Шафкат Абдуллаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Картоп пен помдорға  зиян. Зияны күзде келеді ғой, қысқа жақын. Біз үйге сақтаймыз.

Сәйкесінше, олармен күреске кететін шығын да көбейіпті. Биыл тышқанға қарсы өңдеу жұмыстарына тек Алматының өзінде 86 миллион теңге бөлінген. Қазір бұл жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Дезинфекторлар өзен, арық маңайлары мен ашық алаңдарды таңнан кешке дейін улауда. Ал, бірінші кезекте тышқан ең көп жүретін қоқыс полигондары мен базар маңайлары өңделіпті.

-Бұл у араласқан бидай бромодиалон деп аталады. Бір тышқанға оның 10 түйірі жеткілікті. Соны жегеннен кейін әрі кетсе 5 сағаттың ішінде кеміргіштің көзі жойылады. Қауіпті болғандықтан, бұл уды қолғапсыз ұстауға қатаң тыйым салынған.

Мамандар қаладағы 140 мыңға жуық жер үйдің ауласын да түгел өңдейді. Әрбір үйге тышқанға қарсы у тегін үлестіріледі. Пакеттегі 350 грамдық қызыл бидай іспеттес дәрі бір жылға емін-еркін жетеді екен. Осылай, жұрттың қамын ойлағандарды есікке телміртіп қоятындар да бар. Ал, мамандар өңдеу жұмыстарының тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанын ескертуден жалықпайды. Өйткені егеуқұйрық тістеді деп ауруханаға шағымдану деректері көбейіпті.

Нұрлан Райымқұлов, эпидемиолог:

-Қауіпті ауруларды таратудың бірі болып саналады.  Тістесе  қиын.

Сөйтіп, олар тышқанның кесірінен аурухана жағалап қалады. Айта кетсек, кеміргіштер онға тарта қауіпті ауру таратады. Оның ішінде, құтырма, оба, бруцеллез, туберкулез сияқты індеттер бар. Ал, мамандар әр жерге себіліп жатқан удың зиянкестермен күресуге өте тиімді екенін айтады. Сондықтан, көп ұзамай олардың санын біршама азайтамыз деп сендірді. 25 қыркүйекте басталған алдын-алу шарасы қазанның аяғына дейін жалғаспақ. Бірақ, өңдеу шарасының аяқасты тоқтап қалуы да мүмкін. Өйткені, дезинфекторлардың жұмысы үшін қолайлы ауа-райы қажет. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде