Шығыс Қазақстан облысының тумалары өңкей бизнес нысандарын тонаумен айналысқан
Алматыда бизнесмендерді сан соқтырған төртеу ұсталды. Қазірдің өзінде полицейлер олардың 16 қылмысқа қатысы бар екенін анықтап отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
03.10.2017
Ұсталған сәтте тонаушылардан 45 мың доллар мен екі жеңіл көлік тәркіленген. Оның бәрін қарақшылық жолмен тапқандарын өздері де мойындапты. Бірақ, жасаған қылмыстар саны мен қолды болған қаражат көлемі әлі де артуы мүмкін дейді полицейлер. Өйткені, тергеу шаралары әлі жүріп жатыр. Айта кетерлігі, құрықталған төртеу 25 пен 40 жас аралығындағы кәнігі сұғанақтар. Тәртіп сақшылары олардың бұған дейін пәтер тонаумен айналысып, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын анықтапты.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
-Бұл офистердің барлығы қандай да бір бейнекамералармен және дабыл құрылғыларымен жабдықталмаған. Сондықтан, бұндай факторларды есепке ала отырып қылмыскерлер жеңіл жолмен пайдаға кенелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!