{metadescription}
Өскеменде тәртіп сақшысы қызметтік көлігімен екі адамды қағып кетті
Өскеменде тәртіп сақшысы қызметтік көлігімен екі адамды қағып кетті

Өскеменде тәртіп сақшысы қызметтік көлігімен екі адамды қағып кетті

Ал жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған екеу қазір ауруханада жатыр. Бірінің аяғы, екіншісінің қолы бірнеше жерден сынып, басынан жарақат алған.

Зардап шеккендердің бірін тұрғызбаққа әрекеттенген полицейге оқиға куәгерлері осылай деп айқай салып, жедел жәрдем шақырған. Олардың айтуынша, жол апатына полицияның бір емес, екі қызметтік көлігінің қатысы бар көрінеді. Бірақ олардың бірі осы оқиғадан кейін іле-шала кетіп қалған. Қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұған қоса қызметтік тексеріс те басталған. Ал зардап шегушілер тәртіп сақшыларының тар жолда бір-бірін басып озбақ болғандарын айтып отыр.

Павел Любимов, зардап шегуші:

-Сол жерде болғандар көрді ғой, бұлар бір-бірімен жарысты. 300 метр жерге 2 секундта жетіп, бізді қақты... 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде