Ұшағы апатқа ұшыраған «East Wing» компаниясының тағы бір былығы әшкере болды
Ұшағы апатқа ұшыраған «East Wing» компаниясының тағы бір былығы әшкере болды
Автор: Жәудір Оразхан
04.10.2017
Аталған мекеменің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық авиация орталығы бас директорының орынбасарына қозғалған қылмыстық іске де қатысы бар екен.
Мадияр Шалғынбаев биыл сәуірде 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Ал «East Wing» компаниясының басшылары Шалғынбаевқа тұрақты ауызбастырық беріп келген деп айыпталуда. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, мекеме сол арқылы науқастарды тасымалдау үшін мемлекеттік тендерде жеңіске жетіп отырған. Енді депутаттар «East Wing» компаниясын да жіті тексеруді талап етуде.
Бақытжан Әбдірайым, Мәжіліс депутаты:
-Жеке меншік фирма бар ғой, тендерді ұтып алған. Солардың құрылтайшыларын жауапқа тарту керек. Кім екенін белгілеу керек, біріншіден. Естуімше, екі-ақ ұшағы бар екен. Сол ұшақты техникалық дұрыс жағдайда ұстауы қажет еді. Санавиацияны басқарып отырған қызметкерлерді де күшейту керек жауапкершілігін.
Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты:
-Шымкент қаласына ұшып бара жатқан болса, қалада сондай дәрігерлердің болмағаны өкінішті. Және сағатына 300 шақырым ғана алатын түнде беймезгіл уақытта ұшырмай-ақ қою кеерк еді.. Ұшқыштардың өзіміздің отандық азаматтарды, өзге мемлекеттен емес алған дұрыс деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!