{metadescription}
Ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігерлер көмек көрсетуі тиіс шымкенттік келіншектің хәлі нашарлап барады
Ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігерлер көмек көрсетуі тиіс шымкенттік келіншектің хәлі нашарлап барады

Ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігерлер көмек көрсетуі тиіс шымкенттік келіншектің хәлі нашарлап барады

Ал осы санавиацияны дәрігерлердің шақыруына себепкер болған әйелдің хәлі мүшкіл. ауыр циррозына ұласатын вирустық гепатиті бар 30 жастағы әйел екі күн бұрын ғана Түркістаннан Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық ауруханасына ауыстырылған екен.

16-шы қыркүйекте алтыншы баласын босанған келіншектің өмірі үшін арпалысқан жергілікті дәрігерлер оны ақыры Шымкентке жөнелтеді. Алайда науқастың жағдайы тым мүшкіл болған соң оңтүстіктің ақ халаттылары Алматыдан білікті мамандарды шақыртыпты. Қазір арнайы аппаратпен ғана тыныс алып жатқан келіншекке мықты мамандардың көмегі әлі де қажет. Сондықтан, күнгейлік дәрігерлер тағы да санавиацияға жүгінуге мәжбүр.

Вячеслав Цай, жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

-Әріптестеріміздің қазасын естігенде қабырғамыз қайысты. Олар өз жұмысын атқару кезінде көз жұмды. Бірақ, біз дәрігерміз, бірінші кезекте  ауыр науқасты емдеуіміз керек. Бұл үшін бізге республикалық деңгейдегі арнайы мамандардың кеңесі қажет. Сондықтан республикалық санавиацияның келуін сұрап, тағы өтініш жазып отырмыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.