{metadescription}
Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты жаңа мәліметтер шықты
Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты жаңа мәліметтер шықты

Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты жаңа мәліметтер шықты

Алматы облысында ұшақтың құлауына байланысты Бас транспорттық прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу "Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-тармағы бойынша, яғни әуе транспортын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы 2  немесе одан көп адамдардың қаза табу" дерегі бойынша жүргізілмек. Ал бүгін Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр бастаған комиссия мүшелері оқиға орнына жетті.

Болжам бойынша, ұшақ техникалық ақауға байланысты жазық далада қонуға әрекеттенген көрінеді. Бірақ электр бағандарының сымдарын іліп кетіп, өртке орануы ықтимал. Төтенше оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтауға кірісті. East Wing әуе компаниясына тиесілі АН-28 санавиация борты кеше кешкісін Алматыдан Шымкентке ұшып шығып, 28 шақырым жерде құлаған болатын. Әуе көлігі сағат 18:35-те көтеріліп, 12 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Ал екі сағаттан кейін құтқарушылар оны Іле ауданы Қосөзен ауылының маңынан өртке оранған күйінде тауып алыпты. Ішінде болған бес адамның бәрі қаза тапқан. Олар: ұшақ командирі Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, авиатехник Бейшебек Акматбаев, Акушерлік гинекология және перинотология ғылыми орталығының дәрігері Талғат Патсаев, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігер-реаниматологы, профессор Жәнібек Артықбаев болатын. Соңғы екеуі Шымкенттегі облыстық ауруханада жатқан әйелге көмекке баруы тиіс еді. Екі күн бұрын ғана босанған келіншек ауыр хәлде жатыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде