Оңтүстікте бір жарым сағат ішінде 39 мың шөлмек сыра, арақ және коньяк жойылды
Екі жүк көлігіне тиеліп, қоқыс алаңына жеткізілген контрафакт ащы сусынды шынжыр табанды трактор қызықтауға келген қарапайым жұрттың көзінше таптап тастады.
04.10.2017
Спирттік ішімдіке толы құтыларды жою үшін әдейі қазылған шұңқырға әуелі тасталып, соңынан ешкім шытынамаған шыныны іздемес үшін трактормен жаншып тасталды. Қолдан жасалып, Мақтарал ауданындағы дүкендерде ашық сатылымда тұрған тауар бірнеше қоймаға да лық толған екен. Заңсыз ішімдіктің сапасының нашарлығы соншалық, ішкен адам не денсаулығынан, не өмірінен айрылар еді дейді тәркілеген мамандар. Енді құзырлы орындар алкогольді оңай жолмен жасап жатқан цехты іздестіруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!