Мұнай өңдеу зауыты бар Павлодар жұрты да бензин тапшылығын сезіне бастады
Әсіресе, Екібастұзда көлік жүргізушілері жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тұрып, сағаттап күтуге мәжбүр болған.
04.10.2017
Жүргізушілердің бірі түсіріп алған мына видеода жанармай бекетіне кезектің бір шақырымға жуықтап қалғаны анық көрінеді. Қазір мұнда сұранысқа ие АИ 92 маркалы бензиннің литрі 155 теңгеден сатылып жатыр. Ал мәселенің көп ұзамай шешілгенін жеткізген шаһар басшысы енді жұрт алаңдайтындай еш негіз жоқ деп сендірді.
Қайрат Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі:
– Бензин бар, бірақ тапшылығын сезінгеніміз рас. Өйткені жанармай бекеттері оны талон арқылы үлестіре бастаған. Біз Павлодардан 124 тонна, Астанадан 40 тонна бензин жеткіздік. Қазір бекеттер тұрақты жұмыс істеуде. Жұрттың дүрлігуіне сұраныстың көптігі себеп болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!