{metadescription}
 Көкшетауда пошта тонағандар ұсталды
 Көкшетауда пошта тонағандар ұсталды

Көкшетауда пошта тонағандар ұсталды

Тапа-тал түсте зейнетақысына келген қарттардың үрейін алған екеудің қолында ойыншық тапанша, беттерінде медициналық бетперде болған.

Күдіктілер алысқа ұзамапты. Екеуі де сол маңның тұрғындары екен. Біреуі бұрын сотталған. Мына бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода көрініп тұрғанындай, олар  кеңсеге кірісімен бірі кассирге, екіншісі поштаға келген адамдарға  жақындап тапаншаларын шошаңдатады. Бұл кезде ол жерде зейнетақысына келген қарт кісілер отырған. Ал ақшаны бірден бере салған кассир екіқабат екен. Сөйтіп, тонаушыларға 800 мың теңге бұйырған. Күдіктілер бұл ақшаны қайтарды ма, жоқ па, полиция тергеу құпиясына байланысты ол жайлы тіс жармады.

Ербол Жүсіпов, Ақмола облыстық ІІД бастығының орынбасары:

-Жедел іздестіру шаралары кезінде 25, 30 жастағы екі азамат ұсталды. Екеуі де сол маңда тұратын болып шықты. Тонауға мұқият әзірленіп келген. Әрі олар полиция бекетіндегі тәртіп сақшыларының шығып кеткенін күткен. Екеуі де қамауға алынды..

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде