{metadescription}
Жылу маусымын толық бастай алмай, тұрғындары тоңып отырған Петропавлға қар түсті
Жылу маусымын толық бастай алмай, тұрғындары тоңып отырған Петропавлға қар түсті

Жылу маусымын толық бастай алмай, тұрғындары тоңып отырған Петропавлға қар түсті

Солтүстік өңір болғанымен де, мұнда қазан айының басында ақ ұлпаның бұлай жапалақтап жаууы – сирек құбылыс.

Таң атқалы жауған қар айналаны ақ мамыққа орап тастады. Ағаштардың жапырағы түгел түсіп үлгермегендіктен, бұтақтар қардың салмағынан майысып тұр. Осыдан кейін күн де салқындап кетті. Ал қаладағы 500 үйде әлі күнге дейін жылу жоқ. Ол кеңселерге де қосылмаған. Ала жаздай құбырларды жөндемеген коммуналдық қызметтегілер өткен айдың соңында шаһардың жарты бөлігін астаң-кестең етіп қазып тастаған еді. Бұны жергілікті атқамінерлер жөндеу жұмысына бөлінген қаржының кеш түсуімен түсіндірді. Ал пәтерлерінде жаураған тұрғындар алдағы қыраулы қысты тіпті үреймен күтіп отыр.

Наталья Сысолова, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Қала басшылығын ештеңе қызықтырмайтын сияқты.Мына көшедегі жылу құбырлары қазылғалы қашан.Мынау қаланың орталығы, қаншама әкімшілік ғимараттар, балабақша, шаштараз бар. Ал біз құдды бір 19-шы ғасырда өмір сүріп отырғандаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде