Апатқа ұшыраған АН-28 ұшағы жайлы не білеміз?
Апатқа ұшыраған АН-28 ұшағы 27 жыл бұрын Польшада құрастырылыпты. Әуе көлігі 2000 шақырымға дейінгі қашықтыққа адам және шағын жүк тасымалдауға арналған.
Автор: Асыл Махмет
04.10.2017
Ондағы жиналмалы орындықтарға 18 адамға дейін отыра алады. Орындықтарды алып тастап 1750 келіге дейін жүк тиеуге де болады екен. Ұшақтың ұзындығы 13 метр. Польшадағы зауыт мұндай ұшақтың 196 данасын жасап шығарған. Мамандар 1990 жылы пайдалануға берілген әуе кемесінің әлі күнге дейін қолданыста болуында ешқандай әбестік жоқ деп отыр. Себебі, бұл ұшақ сапасы жағынан алдыңғы қатарда және әлемнің көптеген елінде пайдаланылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
11 ақпан
Серіктестер жаңалықтары