Ұшағы апатқа ұшыраған «East Wing» компаниясының тағы бір былығы әшкере болды
Аталған мекеменің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық авиация орталығы бас директорының орынбасарына қозғалған қылмыстық іске де қатысы бар екен.
Автор: Жәудір Оразхан
04.10.2017
Мадияр Шалғынбаев биыл сәуірде 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Ал «East Wing» компаниясының басшылары Шалғынбаевқа тұрақты ауызбастырық беріп келген деген күдік бар. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, мекеме сол арқылы науқастарды тасымалдау үшін мемлекеттік тендерде жеңіске жетіп отырған. Енді депутаттар «East Wing» компаниясын да жіті тексеруді талап етуде.
Бақытжан Әбдірайым, Мәжіліс депутаты:
-Жеке меншік фирма бар ғой, сол тендерді ұтып алған. Солардың құрылтайшыларын жауапқа тарту керек. Кім екенін белгілеу керек, біріншіден. Естуімше, екі-ақ ұшағы бар екен. Сол ұшақты техникалық дұрыс жағдайда ұстауы қажет еді. Санавиацияны басқарып отырған қызметкерлерді де күшейту керек жауапкершілігін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!