{metadescription}
Санитарлық авиация ұшағының апатынан қаза тапқан акушер-дәрігер Талғат Патсаев бүгін Шымкентте жерленді
Санитарлық авиация ұшағының апатынан қаза тапқан акушер-дәрігер Талғат Патсаев бүгін Шымкентте жерленді

Санитарлық авиация ұшағының апатынан қаза тапқан акушер-дәрігер Талғат Патсаев бүгін Шымкентте жерленді

46 жаста көз жұмған профессорды ақтық сапарға шығарып салуға туыстары мен дос-жарандарынан өзге Оңтүстіктегі әріптестері мен атқамінерлер түгел жиналды. Білікті маманның артында бір ұл, бір қызы қалған.

Бар ғұмырын ана мен бала денсаулығына арнаған Талғат Анапияұлы соңғы 20 жыл Ұлттық акушерия, гинеоклогия және перинатология орталығында қызмет еткен. Жаназасы марқұмның әке-шешесі тұрып жатқан қара шаңырақта шығарылды. Қара жамылған әріптестерінің айтуынша, Талғат Патсаев бір сәтке де жұмысын ұмытпаған екен. Тіпті, демалыс күндері телефон арқылы-ақ хәлі мүшкіл пациенттер туралы кеңес беріп, білгенін үйретіп, білмегенін үйреніп жүретін дейді ақ халаттылар.

Ерғали Әлімбаев, Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

-Биязы, байсалды адам еді. Берген өзінің ақыл-кеңестері, жұмыстың барысында бізбен бірге түнде келсе түнімен, күндіз келсе күнімен сол аурудың басы-қасында болатын еді. Мен ойлаймын, мұндай азаматтар бірегей келетін азамататтар дүниеге. Қабырғамыз қайысып, осы жанұясымен бірге оның қайлы қазасына ортақтасып көңіл айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде