Алматыда сейсможаттығуға қатысқан құтқарушылардың жайбасарлығы тұрғындарды шошытты
Бүгін Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтті. Тек шараның маңыздылығын шаһар тұрғындарын айтпағанда ұйымдастырушылардың өзі толық түсінбеген сыңайлы. Өйткені, шараға қатысқан құтқарушылардың іс-әрекеті тым сылбыр. Дабыл қағылса да қозғалуы қиын төтенше жағдай мамандарының дайындығын көріп қайтқан әріптесім Асыл Махмет өзі баяндасын.
05.10.2017
Бүгінгі жаттығудың жалпықалалық деген аты ғана. Шара туралы мүлдем естімегендер көп. Ереже бойынша сағат 12 :55 -те дабыл қағылып, елдің бәрі үйіндегі жарық пен суды өшіріп, бар құжатын қолына алып қауіпсіз жерге қашып шығуы керек еді. Бірақ басқаны айтпағанда БАҚ өкілдері шақыртылған мектептің өзінде шара шабан өтті.
-Жалпы мен басыма тас түсіп кетпес үшін күнделігімді қойып, мектептен жылдам шығуым керек болған.
-Неге олай жасамадың?
-Білмеймін.
Төтенше жағдай қызметкерлерінің өзі ұйқылы-ояу жүргенде оқушыларды кінәлау артық болар. Мектептегі шара аяқталысымен журналистер «Алаш» стадионына ат басын бұрды. Құтқарушылар техниканы тізіп тастап сап түзеп тұр екен. Тапсырма берілісімен жүгіре кеткен біреуі жоқ. Адам құтқаруға емес құдалыққа бара жатқандай... Жылдағы сценариймен жұмыс істеп үйреніп қалғандарды бір сынап көрдік.
-Құтқарушыларымыздың кез-келген жағдайға қаншалықты дайын екенін тексеріп көрейік. Қыздар-жігіттер маған көмек керек. Қолым сынған, басым жарақаттанған маған кім алғашқы көмекті көрсетеді?
Алғашқы көмек көрсететіндерге қай жерімді жарақаттап алғанымды әрен түсіндірдім. Қазақша ешкім ұқпайды. Бір-біріне сілтеп жүріп қолым мен басымды әзер танып берді. Бірақ дәл осындай көмекті көргеннен кейін кез-келген тұрғынның үрейі еселене түсетіні анық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!