Алматыда тұрғын үйлерден бастап, дәмханаларға дейін су, жылу және жарық ақысын төлеуден қашып жүр
Бүгін сол борышкерлер жаппай коммуналдық қызметтен ажыратылды. Онсызда қыруар қарызға батқан тұрғындар енді айыппұлды да қоса арқалайды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
05.10.2017
Тексеріске шыққан комиссияны тұрғындар әлбетте, жылы қабылдай қойған жоқ. Бірақ, соған қарамастан олар енді жиналған қарызын толық өтемейінше су, жылу, жарықсыз отырады. Ал, оның бәрін қайта қосу үшін түбіртектегі сомманы төлеу жеткіліксіз. Бұлар бұған дейін талай рет ескерту жасалса да, оны пысқырмапты. Сондықтан, бұл әрекеттері үшін айыппұл салынды. Қазір Алматыдағы тек бір ауданның өзінде айлап коммуналдық ақы төлемеген 15 мың адам бар. Олардың берешегінің жалпы соммасы 400 миллион теңгеден асады. Тұрғын үйлер 130 мың теңгеге дейін, ал бір дәмхананың өзі 300 мыңға қарызға батқан. Енді, олар осы жолы да берешекті түгел өтемесе ісі сотқа жіберілмек.
Олжас Мұхаметжанов, Әуезов ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:
- Күн сайын қарызы бар тұрғын үйлерді аралаймыз. Ол үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына коммуналдық қызметті жеткізуші, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің өкілі, учаскелік инспектор кіреді. Ақша 3 айдан артық төленбеген үйлердің ешбірі назардан тыс қалмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!